ШҚО прокуратурасының араласуынан 12,6 млн. теңге жалақы бойынша берешек төленді

393
көрілім

Облыс прокуратурасы басшылығы банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы берешектерін төлеу - заңдылықты сақтау құралдарының бірі екенін жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атап айтқанда, «Шығысстройгруп» ЖШС банкроттық басқарушысы 2 жылдан астам уақыт бойы 42 қызметкердің алдында 12,6 млн.теңге жалақы берешегін өтеу үшін өз мүлкін сату шараларын қабылдамаған.
Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорынның бұрынғы басшысы банкроттық басқарушы және салық органдарымен кездесу өткізіп, құқықтық және әдістемелік көмек көрсетті.
- Дәйекті әрекеттердің нәтижесінде банкрот кәсіпорынның мүлкі сатылды. Қызметкерлер алдындағы жалақы қарызы толығымен өтелді. Облыс прокуратурасы азаматтың еңбек жағдайлары мен еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз жалақы алу құқығы берілетінін түсіндіреді, - делінген мәліметте.
Жұмыс беруші жалақыны еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген мерзімдерде толық көлемде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабы бойынша да, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 152-бабы бойынша да туындаған зардаптардың ауырлығына қарай жауапкершілік жүктейді.
- Жазалар әртүрлі: 200 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамауға алу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыру жазалары қарастырылған, - деді прокуратура өкілдері.