Семей қаласының прокуратурасы білім беру бөлімімен бірлесіп Шығыс және Бұлақ ауылдарында тұратын аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек беруге бағытталған акция өткізді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО прокуроратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Барлығы, қадағалау органы мен мемлекеттік қызметкерлер 35 балаға барды. Оларға ойыншықтар, киім, мектеп формасы, аяқ-киім, азық-түлік, дәрі берілді. Бұдан да басқа, бір отбасыға құжаттарды рәсімдеуге және екі баласын тіркеуіне, аураханадан балалар тамағын алуға жәрдемдесті.
Ал Көкпекті ауданының прокуратурасы «Берекелі отбасы-бақытты балалық шақ», «Балаларды бірге қорғайық» жобаларын жүзеге асыру аясында аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетті.
Қадағалау органдары қызметкерлерінің бастамасымен АІІБ, прокуратура органдары және уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері кірген ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Осы топтың мүшелері аз қамтылған отбасылар туралы барлық мәліметтер жинап, олардың әлеуметтік сипатын анықтап, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұдан да басқа, жобалардың аясында алты адам жұмысқа орналастырылып, екеуіне атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, мемлекеттік балалар жәрдемақысы рәсімделіп, 9 отбасыға киім және азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Қазіргі кезде Көкпекті ауданының прокуратурасы қолайсыз отбасылардың балаларына әртүрлі конкурстар мен жарыстар өткізу түрінде жобалардың жүзеге асырылуын жалғастыруда. Осы шараға қатысқандарға мектеп тауарлары сыйға берілді, ал, тәрбиесі қиын жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға шақырды.