ШҚО-да Прокуратура органдарының қатары 12 жас маманмен толықты. Жуықта салтанатты түрде оларға қызметтік куәліктер тапсырылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жас мамандардың әрбіреуі мұқият конкурстық іріктеуден өткен. Облыс прокуроры Құсайын Игембаев жаңадан тағайындалған қызметкерлерге тілек айтып, олардың заңға адал қызмет ететіндігіне сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, прокуратура органдарына қызметке қабылдау жалғасуда, барлық сұрақтар бойынша облыс прокуратурасының кадрлық қызметіне 8 (7232) 24-18-34 телефоны арқылы хабарласуға болады.