ШҚО Прокуроры Өскемен тұрғындарын қабылдайды

735
көрілім
ШҚО Прокуроры Б.Таимбетов. Фотосурет shko.prokuror.kz сайтынан алынды.
24 сәуірде, яғни дүйсенбі күні ШҚО Прокуроры Бағбан Таимбетов Өскемен қаласының тұрғындарына қабылдау жүргізеді, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс Прокуроры Бағбан Таимбетов сұрақ қоюға ниет білдірген әрбір азаматты жеке қабылдайды. Сондай-ақ, осы күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелерді талқылып, құқық қорғау органдарына түскен шағымдарды қарайды. Қабылдау 24 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының ғимаратында сағат 15:00-де басталмақ.

Алдын ала жазылам деушілер 8(7232)70-55-24 нөміріне хабарласа алады. «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының мекенжайы Қасым Қайсенов көшесі, 121.

Асқар Тұмарбек