"Бизнестің жол картасы"бағдарламасы аясында Риддер кәсіпкерлері 34 млн.теңгеге 16 грант алды. Сонымен қатар, несие қоржынының жалпы сомасы 2365,8 млн.теңге болатын 71 жоба субсидияланды. Жалпы сомасы 32,4 млн. теңгеге 26 микрокредит берілді.
Қала әкімдігінде хабарлағандай, 2021 жылдың 9 айында осы бағдарлама бойынша 5 млн.теңгеге грант беріліп, несие қоржынының жалпы сомасы 77,5 млн. теңгеге 16 жоба субсидияланды.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін іс-шаралар өңір үшін маңызды бағыт болып қала береді. Бұл жерде "Еңбек"жұмыспен қамтудың өнімділігін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы көмекке келеді. Риддер қаласы бойынша бағдарламаға 7040 адам қатысып, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 4089 адам орналастырылды. Жергілікті биліктің айтуынша, жұмыссыздарға жаңа жұмыс орнын іздеу кезінде уақытша жұмыс орындары өте маңызды. Себебі адамдар жыл бойы жұмыс істеп, қандай да бір табыс алады. Ең бастысы, кәсіби дағдыларын ұмытпайды.
Уақытша жұмыс орындарына 1735 жұмыссыз орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 214 адам; жастар практикасына - 138 адам; қоғамдық жұмыстарға-1383 адам жұмылдырылды. Қысқа мерзімді оқытудан 428 адам өтті. Айта кету керек, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасында жеңілдетілген несие және өтеусіз гранттар түрінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін көмек бар. Омы ретте, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 165 грант берілілгенін атап өткен жөн.
Шағын және орта бизнес аймақ экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Өндірісті әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Риддер қаласында жұмыс істеп тұрған "Восток Энерго Индустрия" ЖШС кәсіпорнының базасында "тау-кен өндіру кәсіпорнының өндірісін әртараптандыруинвестициялық жобасы іске асырылды. Іске асыру басталғаннан бері жобаға 92,5 млн. теңге меншікті қаражат инвестицияланды. Осы бағдарлама аясында жалпы құны 136,5 млн. теңгені құрайтын 8 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді. Жалпы құны 651 млн. теңге болатын төрт 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы, қала көшелерін қайта жаңарту жүргізілді.
Сонымен қатар, 2021 жылы Риддер қаласында "Ауыл-ел бесігі" жобасы іске асырылып, оның шеңберінде жолдарды орташа жөндеу, электрмен жабдықтау желілерін жөндеу және Пригородное ауылының көшесін жарықтандыру құрылғысы жүргізілді. 2022 жылы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды сапалы жылу энергиясымен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 4,087 км болатын "Риддер ЖЭО" АҚ-дан қаланың перспективалық құрылыс аудандарына дейін жер үсті құбырының құрылысы басталады.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 60 пәтерлі үш тұрғын үй пайдалануға берілді. "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында 2019 жылдан бастап 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, ТКШ саласында қызмет көрсетуді жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылы көше жарықтандыру желілерін жөндеуге 113,3 млн. теңге бөлінді. Қалалық бюджеттен автомобиль жолдарын жөндеуге 453,2 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.