«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының нәтижесін бағалау мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұлттық әлеуметтік зерттеу өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы туралы білетіндіктері анықталды. Бұл туралы еліміздің барлық өңірінде өткен әлеуметтік зерттеуден белгілі болды. Барлығы 2500-ден астам қазақстандық қатысқан.
«Респонденттерге: «Сіз «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы туралы естідіңіз бе?» деген сұрақ қойылған. Сауалнамаға қатысқандардың 76,4 пайызы осы сұраққа оң жауап берді, деп хабарлады «Десента» ҚҚ»
Сұраққа жауап бергендердің саны бойынша көшбасшы - Қызылорда облысы (97 пайыз).
80 пайыздан астам оң жауаптардың нәтижелері Шығыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында болды.