Зайсан аудандық полиция бөлімінің сақшылары сирек кездесетін және жойылудың алдында тұрған өсімдіктерді жинау бойынша тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Зайсан аймағындағы шекара жасағы Сауыр тауларында 1982 жылы дүниеге келген ҚР азаматын ұстады. Жанында өсімдіктер мен оның тамырларын салған үш қап болған. Болжам бойынша қызғылт семізот (алтын тамыр) өсімдігі, – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.