26 ақпан күні 16.00-де ШҚО сотының төрағасы «Antikor ortаlygy» ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Мұндағы мақсат - сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, соттардың қызметі туралы халықты хабардар ету, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша азаматтармен диалог орнату.
- ШҚО сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2-Б мекенжайында орналасқан «Antikor ortаlygy» ғимаратында тұрғындарды қабылдайды, - деп хабарлады ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Толғандырған кез келген сұрақтар бойынша ШҚО сотының кеңсе меңгерушісі Сауле Серікпаеваға 8 (7232) 56-04-27, бас маман Рауан Чамакаевқа 8(7232) 56-04-89 телефондары арқылы хабарласуға болады.