ШҚО спортшылары Астана төрінен жүлдемен оралды

517
көрілім

Өскемендік спортшылар қазанның 4- 6 аралығында Астана қаласында өткен конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының кубогі жолындағы жарыста сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бәсекеге облыс атынан 7 спортшы сынға түскен. Оның екеуі жүлдегер атанды.

Айта кетсек, А.Керімов 5000 м қашықтықта қола медальді еншілесе, Д.Завгороднева да 1000 м қашықтықта жүлделі үштікті түйіндеді. Астанадан жас конькимен жүгірушілер ҚР кубогі біте салысымен, сол жақта келесі республикалық чемпионатта бақ сынайтын болды.

Дәл қазір облыс атынан сынға түсіп жатқан 7 спортшы елордада жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтауда.