17-20 мамыр аралығында Ресей Федерациясында ерлер мен әйелдер арасында «Достық» кубогына және «Алтын шабуыл сатысы»жүлдесіне өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша халықаралық жарыстар өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Волгоград қаласында жалауын көтерген жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзірбайжан Республикалары және Ресей Федерациясының ең мықты спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасынан 20 спортшы қатысты, соның құрамында Шығыс Қазақстаннан жерлестеріміз - Максим Черносвитов, Мақсат Романов, Николай Буторин және Валерия Поволодская.
Ерлер мен әйелдер құрамалары жүлделі 3 орынға ие болды. Ең жақсы нәтижелердің бірін Мақсат Романов 13,89 секунд нәтижемен көрсетті. Осы түрдегі әйелдер арасында Валерия Поволодская командаға 7,73 секундтық көрсеткіш берді.
Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өтуде Қазақстан Республикасының ерлер ұлттық құрама командасы жүлделі 3 орынға ие болды. Ең жақсы нәтижелердің бірін - Максим Черносвитов пен Николай Буторин бірдей уақытпен 16,81 секунд көрсетті.
4х100м өрт эстафетасында еліміздің ерлер ұлттық құрамасы 57,8 секунд нәтижесімен 4-ші орынды иеленді. Қазақстан құрамасының құрамында Мақсат Романов жүгірді.
Соңғы кезең мотопомпадан жауынгерлік қанат жаюда Қазақстан құрама командасы 25,83 секунд нәтижесімен 4-орынға ие болды. Құоамында Николай Буторин, Мақсат Романов және Максим Черносвитов. Әйелдер құрамасы 27,43 секундпен жүлделі 3 орынға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ерлер ұлттық құрама командасы жалпыкомандалық 4 орынды, әйелдер командасы жүлделі 3 орынды иеленді.
Қазақстан Республикасының қоржынына 7 қола медаль енді. Бұл жарыстар ағымдағы жылдың 5-11 қыркүйегі аралығында Қытай Халық Республикасы Харбин қаласында өтетін Әлем чемпионаттарына ұлттық құрама командаларды дайындауда, іріктеуде және қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.