Жуырда Жезқазған қаласында еркін күрестен 2002-2004 жылғы кіші жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл сында ШҚО намысын қорғаған спортшылар сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»_КММ_спортшылары_жүлдегерлер_қатарынан көрінді.
Атап айтсақ, Шұғыла Жұмаханова (37 кг) – ел чемпионы атанды, Әділжан Қонысбеков (42 кг) – ҚР чемпионатында 2-ші орыннан көрінсе, Диана Зейнолланова (48 кг), Байжан Тоқташ (54 кг), Ілияс Ерболатов (58 кг) пен Әділ Жақсыбаев (69 кг) – өз салмақтарында аталмыш жарыстың қола жүлдегерлері атанды.