Жерлестеріміз Көкшетау қаласында өткен 2009 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында «Бурабай маржандары» ашық республикалық турнирінде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Балғын жүзгіштер брасс, баттерфляй және еркін әдіспен жүзуде жүлделі орындарды сарапқа салды. Еліміздің әр өңірінен келген 350-ден астам қатысушы үздік үштіктен көріну үшін жарыс жолына шыққан болатын.
Бапкерлер сенімін арқалаған Мансұр Қанатұлы 50 м қашықтықты еркін әдіспен жүзуде екінші орын, Тайисия Короткова 100 м қашықтықты брасс әдісімен бағындырып үшінші орыннан көрінді. Ал құрамында Владимир Бровченко, Мансұр Қанатұлы, Амир Таменов және Надир Советканов өнер көрсеткен спортшыларымыз тұғырдың екінші сатысына жайғасты.
Спортшылардың сәтті өнер көрсетуіне сүбелі үлес қосқан Максим Филимонов, Виктория Садыкова, Кирилл Шмурыгин сынды бапкерлер еңбегін атап өткен жөн.