ШҚО спортшыларында әзірге 2 Олимпиада жолдамасы бар

388
көрілім
Фотосурет - olympic.kz сайтынан

Жерлестеріміз осы күнге дейін еркін күрес және жеңіл атлетика бойынша төртжылдықтың басты бәсекесіне жолдама алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаковтың айтуынша, бүгінге дейін жолдаманы еркін күрестен 74 келі салмақтағы Данияр Қайсанов пен үш қарғып секіру шебері Ольга Рыпакова иеленген.

- Жолдамадан әлі де үміттіміз. Семсерлесу бойынша Рустам Курбанов, дзюдошы Ерлан Серікжанов (66 келі) пен Зере Бектасқызы (70 келі), ауыр атлетикадан Денис Уланов пен Екатерина Быкова сынды атлеттердің ел құрамасы сапында өнер көрсетулеріне мүмкіндіктері мол, - дейді ол.

Әділхан ЕСІМХАНОВ