Студенттер жөнінде талдау жұмыстарын жүргізген облыстық Статистика департаментінің мамандары осындай көрсеткішті алға тартады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Департаменттің анықтауынша, облыс бойынша 8 жоғарғы білім беру мекемесі және мекеменің дербес бөлімшесі жұмыс істейді. Шығыс Қазақстандағы ЖОО студенттерінің жалпы саны – 28 мың адам. Олардың 19 мыңнан астамы ақылы негізде білім алуда. Өткен оқу жылымен салыстырғанда студенттер саны 4,2%-ға артқан. Облыстың ЖОО-дары 100-ден аса мамандық бойынша мамандарды даярлайды.
– Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-да 38 ұлт өкілдері оқиды. Солардың ішінде қазақтардың үлесі – 86%, орыстардың үлесі – 10%, өзге ұлт өкілдері 4%-ын құрайды. Білім беру үш тілде: 58%-ы қазақ тілінде, 40%-ы орыс тілінде, 2%-ға жуық бөлігі ағылшын тілінде оқиды, – дейді Статистика мамандары.
Мейрамбек Қосажан