ШҚО сүт өндірісі бойынша республикада көш басында

280
көрілім
Шартты фотосурет

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты.

– Соңғы бес жылда біз халықтан сүт сатып алу көрсеткішін 18 есеге арттырдық. Сүт өндірісімен айналысатын мекемелердің жүктемесі 29-дан 87 пайызға дейін өсті. Бірақ дайын сүт өнімдерінің сапасына қатысты бірқатар мәселе бар. Әлемдік стандарттарға баса назар аударып, шикізаттың қышқылдылығын азайтып, өндірісті заманауи технологияларға сәйкестендіру қажет, - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, осының нәтижесінде сүт өнімдерін Қазақстанның басқа аймақтарына ғана емес, көрші елдерге де экспорттауға мүмкіндік тумақ.