ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды онлайн қабылдауға көшті

334
көрілім

Бүгіннен бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тұрғындарды онлайн қабылдайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Коронавирустың таралу қаупіне байланысты елде төтенше жағдайдың енгізілуіне орай департамент 18 наурыздан бастап заманауи байланыс әдістерін (Facebook, Skype және т. б.) пайдалана отырып, азаматтарға онлайн қабылдау жүргізеді. Сондай-ақ дүйім жұрт «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына кез келген сұрақтары бойынша жүгіне алады», - деп хабарлады облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары.