Шығыс Қазақстан облысының тауларында 7 жарылыс жасалып, 10 700 текше метр қар түсірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалы мамандарының деректері бойынша, Алтай ауданындағы тауларда қар биіктігі шамамен 75 сантиметрге жеткен. Осыған орай азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен-Алтай» тасжолында профилактикалық қар көшкіні жүргізілді.
- Тау бөктерінде 7 рет жарылыс жасалып, 10 700 текше метр қар түсірілді. Жолды жауып қалған қар көп ұзамай толықтай тазартылды, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Осы ретте, құтқарушылар әлі де өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар екендігін айтып, тұрғындарға барынша абай болу қажеттігін ескертті.