ШҚО тәртіп сақшылары ұрланған 11 ұялы телефонды тәркіледі

392
көрілім

ІІМ мүлікті қорғау бойынша бағдарламасын іске асыру мақсатында Өскемен және Семей қаласының криминалдық полиция бөлімшелері ұрланған телефондарды тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ұрланған телефондарды сату орындарын тексеру және оның жолын кесуге бағытталған іс-шаралар іске асырылған.

Осы кезеңде жедел уәкілдер пайдаланылған телефондарды сататын 42 орынды тексерді. Жұмыс барысында 800-ге жуық телефон тексерілді, оның 11-нің қылмыстық іс бойынша өтіп жатқаны мәлім болды. Олар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркелді.

Сонымен қатар рейд барысында полиция қызметкерлері бутик иелерімен және ұялы телефон сатушылармен ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабында қарастырылған қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік жұмыстарын өткізді.