ШҚО трассаларында ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылады

1028
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысына қатысушыларды 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында облыстың республикалық маңызы бар жолдарында жеке оське 8 тоннадан астам жүктеме түсетін жүк көлігінің қозғалысын уақытша шектеу енгізілетіні туралы хабардар етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО жолдарында «Қазақавтожол» ЖШС филиалы тиісті тыйым салу белгілерін орнатпақ.

- Бұл шектеулер жыл сайын көктемгі су тасқыны кезінде және трассалардың конструктивтік элементтерінің көтеру қабілетінің төмендеуімен байланысты болады. Шектеулер төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін тасымалдайтын, жолаушылар мен жүк, сондай-ақ дәрі-дәрмек тасымалдайтын халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына қолданылмайды, - делінген мәліметте.

Мамандар ауыр жүк таситын жүргізушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарды құру кезінде мұқият болуға шақыруда.