Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың науқастары енді бас дәрігерге сұрақтарын тікелей қоя алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстандық дәрігерлердің жұмыс сапасын көтеру мақсатында мамандандырылған медициналық орталығы (бұрынғы нөмір бірінші аурухана) WhatsApp әлеуметтік желісінде сұрақтарға жауап береді.
Ұсыныстарыңыз бен шағымдарыңызды да айта аласыз. Ол үшін жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейінгі уақыт аралығында 8-705-502-69-90 нөміріне хабарламаларыңызды жолдасаңыз болды. Орталықтың бас дәрігері Юрий Стракожев барлық сұрақтарға жауап беруге әзір.