ШҚО тұрғындары онколог дәрігерлерден тегін кеңес алады

312
көрілім

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында (бұрынғы онкологиялық диспансер) «Ашық есік» күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Қатерлі ісік ауруларының алды алуға арналған «Ашық есік» күні 8 ақпандасағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді, - деп хабарлады медициналық мекеме. - Маммолог, гинеколог, торкальді хирург, абдонимальді хирург, лор, уролог және дерматолог-дәрігерлер қабылдау жүргізеді.

Сонымен қатар онколог мамандар жергілікті дәрігердің жолдамасынсыз да қабылдауға келіп, тегін кеңес алуға болатынын айтты.

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының мекенжайы: Потанин көшесі, 6 (№1 ғимарат, емхана).

Анықтама телефондары: 8 (7232) 70-59-76,  70-59-22,  74-26-98, 74-28-35.