Өңірдегі автокөлік иелері өткен жылы жоғары сұраныстағы немесе VIP-нөмірлерге 63млн теңге жұмсап, 217 нөмір сатып алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдері мәліметінше, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.
- 2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды, - делінген ақпаратта.
VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.
Бұған қоса, мемлекеттік нөмір иесі оны үшінші тұлғаға беріп немесе сата алмайды. Автокөлік сатылған жағдайда иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін арнайы бағамен 6 айға дейін сақтай алады.