22 қараша күні сағат 17.00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында, сондай-ақ Өскемен және Семей қалаларында «Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы басталады.
Өскеменде акция С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 5 оқу ғимаратында (Қазақстан,55 көшесі), Семей қаласында ҚазГЗИУ-да (Абай, 94 көшесі) өтеді. Кіру тегін. Кез-келген адам Шығыс Қазақстан облысындағы заң кеңесшілері палатасының өкілдерінен тегін кеңес ала алады.
Үш жыл қатарынан өткізіліп отырған акцияны ұйымдастырушылар zakon.kz интернет-жарияланымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Параграф» ақпараттық жүйесі. Акция 22 қарашада Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Семей, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Петропавл, Орал, Қызылорда, Көкшетау, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз, Қостанай, Петропавл, Балқаш қалаларында бір уақытта басталады.
Акция форматының тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де баламасы болған емес, дейді ұйымдастырушылар.