ШҚО тұрғындарын алаяқтар 500 млн теңгеден астам шығынға батырған

247
көрілім

Жыл басынан бері өңірде интернет алаяақтықтың құрбаны болғандар саны өсіп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, интернет алаяқтықтың көптеген түрі бар. Қазіргі таңда соның бірнешеуі облыс аумағында тіркелуде. Атап айтқанда, SIM-картасының мерзімін ұзарту сылтауымен жасалған интернет аляқтық, банк қауіпсіздік қызметкерлерінің атын жамылып жасалған интернет-алаяқтық, тиімді инвестициялар. Ең көп таралған әдіс - тауар үшін алдын ала төлемдер.
Өскемен қалалық Полиция басқармасы Үлбі ПБ КПБ-ның  аға жедел уәкілі, полиция мойоры Дулат Қабышевтың айтуынша, жыл басынан бері 30-дан астам  қылмыстық іс ашылды. Келтірілген залалдың 50 млн теңгеге жуығы өтелді.
- Интернет-алаяқтықтардың алдын алу және ескерту мақсатында облыс аумағында «Стоп-алаяқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Соның аясында біз оң нәтижеге қол жеткіздік және осы санаттағы қылмыстарды тіркеудің өсуін төмендете алдық.Негізгі жұмыс - аймақ тұрғындарының үйлерін және пәтерлерін аралап шығуға бағытталған. Бұған қоса оларға интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды, - деді полиция мойоры.  
Айта кетейік, қандай да бір алаяқтық фактілері тіркелген жағдайда халық бірден 102 нөміріне хабарласуы қажет.