Облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғытов төрағалығымен Өскеменде сақтандыру мәртебесінің өзекті мәселелері және облыс тұрғындарын МӘМС жүйесіне тарту бойынша өңірлік штабтың онлайн отырысы өтті.
Отырыс барысында "ӘМСҚ" КЕАҚ ШҚО филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев қордың тоғыз айдағы жұмысының қорытындысы, халықты МӘМС жүйесімен қамту, азаматтардың өтініштерін талдау, төртінші тоқсанға арналған мақсаттар мен міндеттер туралы баяндады.
Бүгінде облыс бойынша 120 мыңға жуық адам жүйеден тыс қалып отыр. Бұл алдағы 12 айға МӘМС-ке төлеудің жаңа балама әдісінің арқасында қол жеткізуге болатын шағын сандар, бұл әдіс олардың мәртебесін жыл бойына сақтайды.
ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғытов МӘМС жүйесіне оның табысты жұмыс істеуі үшін көбірек азаматтарды тарту қажеттігіне назар аударды.
Айта кетейік, штаб жұмысының негізгі мақсаты МӘМС жүйесіне облыстың сақтандырылмаған тұрғындарын тарту үшін жауапты ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады.
Өңірлік штаб жұмысының соңында алдағы айларға арналған мақсаттар мен міндеттер айқындалды, осы жоспар шеңберінде МӘМС-ке тартудың жаңа тетігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша облыс аудандарының тұрғындарымен есептік кездесулер өткізілетін болады. Медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысына баса назар аударылды.