ШҚО тұрғындарының орташа жалақысы 370 мың теңгеден асады

341
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Ұлттық Бюро статистикасы өткен жылдың төртінші тоқсанын қорытындылап, ресми ақпарат ұсынды,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соған сүйенсек, Атырау облысы тұрғындарының орташа айлығы 600 мың тенгенің шамасында. Ай сайын 559 мың теңге алатын маңғыстаулықтар екінші орынға жайғасқан. Одан кейін Ұлытау облысы (554 мың), сосын Астана (549 мың) мен Алматы (474 мың тенгені) қалалары тізімді жалғайды. Осы ретте, Ұлттық Бюро өкілдері республика бойынша орташа жалақы 393 605 теңге деген ақпармен бөлісті.
Ал ең төменгі орташа айлықты, яғни 373 мың теңгені Шығыс Қазақстан тұрғындары алып отыр.