ШҚО тұрғыны дүкеннен спирт ішімдіктері мен темекі ұрлаған

427
көрілім
Шартты фотосурет

Қаңтар айының басында Ұлан ауданы полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 57 жастағы Таврия ауылының тұрғыны белгісіз біреу дүкен терезесін шағып, 95 мың теңгенің затын үптеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұрланған заттардың ішінде спирт ішімдіктері, темекі және оттық болған.

Аталған қылмысты ашу мақсатында ауыл тұрғындарынан сұрастырылып, жақын маңдағы дүкен күзетшілерінен жауап алынып,тиісті шаралардың барлығы жүргізілді.

- Жедел іздестіру шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен осыған дейін істі болған 49 жастағы Таврия ауылының тұрғыны ұсталып, соңында кінәсін мойындады. Осы бойынша 9 шөлмек спирт ішімдігі, 8 қорап темекі және 5 дана оттық тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.