Маусым айының басында Өскемен қалалық полиция басқармасының тәртіп сақшылары облыс орталығының 39 жастағы тұрғынынан бақша қоғамдарының бірінде тінту шараларын жүргізу барысында заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат бұл атыс қаруы, атап айтқанда бір ұңғылы, тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың кесіндісі. Мылтық - 12 калибрлі патрондарымен атуға арналған тегіс ұңғылы аңшылық қару және Ижевск механикалық зауытында шығарылғаны белгілі болды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Белгілі болғандай, аталған қару мамыр айында қайтыс болған марқұм досына тиесілі болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.