ШҚО тұрғыны үй ауласынан тыс өсіп тұрған ағашты кессе, айыппұл салына ма?

239
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, бұндай жағдайда тұрғындар айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесіп, жойып немесе бүлдіргені үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Ал орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдірген жағдайда жеке тұлғаларға 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Бұл заң бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабында тіркелген.

- Егер сіздің меншігіңізден тыс өсетін ағаш кедергі келтіріп, оны кесіп тастағыңыз келсе, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарлауыңыз қажет, - делінген ақпаратта.