ШҚО тұрғыны үйіне қайтар жолда жоғалып кетті

501
көрілім

Семей қаласының еріктілері екі апта бұрын жоғалып кеткен қала тұрғынын іздеуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Volontery_semey_LIDER.KZ еріктілер қозғалысының хабарлауынша, 7 тамыз күні 1958 жылы дүниеге келген Тушев Андрей Михайлович есімді азамат із-түссіз кеткен. Куәгерлер оны үйінен шығып құс фабрикасына жұмысқа бара жатқанын көрген.
Іздестірілудегі ер адамның бойы 187 сантиметр, шашы ашық түсті. Айрықша байқалатын белгіден бетіндегі тыртықтары бар.
Жоғалған күні Андрей Тушев көк түсті джинсы шалбар, жейде, көк-ақ түсті кроссовки киінген. Мойнында кресті бар алтын алқа таққан.
Қандай да бір ақпарат болса 8-747-349-57-17 нөміріне немесе 102-ге қоңырау шалуларыңызды сұраймыз.