Ресми ақпаратты еліміздің Бас прокуратурасы ұсынды. Олардың айтуынша, полиция қызметкері бірнеше сотталған адамға қылмыс жасаған жалғыз адамды азаптауды тапсырған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Істі болғандарға тәртіп бұзбаса да жаза қолданылды. Мәселен, құқық бұзушыны дұрыс қырынбаса немесе мекеме қызметкерлерінің аты-жөнін ұмытып қалғаны үшін қинап, соққы жегізген. Мұндай азаптау бейнекамераға жазылып отырды.
Сонымен қатар биыл ақпан айында Бас прокурордың наразылығынан соң Жоғарғы сот апелляциялық инстанцияның ақтау туралы үкімінің күшін жойды.
Түрмедегілерге күш көрсетті деген полиция қызметкері осы уақытқа дейін жүйелі түрде азаптауды ұйымдастырды деп айыпталып, үш жарым жылға жазаға тартылған.
- Бас прокуратураның арнайы прокурорлары зерттеуінің нәтижесінде экс-полицейдің басшылығымен мекемеде қылмыстық жазасын өтеп жатқандарға күш көрсетілгені туралы бұлтартпас айғақ табылды, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.
Асинат МУРТАЗАЛИЕВА