Алдын ала берілген ақпарат бойынша, өрт Өскемен қаласындағы Жылу электр орталығынан шыққан. Оқиға орнына өрт сөндіруге арналған 20 арнайы техника мен 80 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кәсіпорын аумағынан әзірге көк түтін шығып жатқаны көрініп тұр. Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қала тұрғындарын сабыр сақтауға шақырады. Олардың анықтауынша, 400 шаршы метр аумақты алатын шатыр мен пластикалық құрылымдар өртенген. Өзге цехтарға төніп тұрған қауіп жоқ. Өрт салдарынан Өскемен ЖЭО-ның жұмысына зиян келген жоқ. Оқиға орнындағы жағдайды ретке келтіру үшін бірнеше өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылған.
Фото мен бейнежазба әлеуметтік желіден алынды