Өскеменде мамыр айының 18-нен бастап шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін 4 орталық ашылады. Сондай-ақ заңды тұлғаларға арналған ХҚКО 13 аудан орталығында ашылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тиісті шешімді ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық штабы қабылдады. Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» ШҚО бойынша филиалы мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсету үшін кәсіпкерлерге құжаттарының толық пакетін ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимін сақтауды сұрайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлері бетперде мен қолғаптарда жұмыс істейтін болады.
Айта кету керек, жеке тұлғалар мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуды жалғастырады.
Заңды тұлғалар үшін ХҚКО-ның жұмыс кестесі Дүйсенбі-жұма аралығы 9.00-ден 17.00-ге дейін, Сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін.
Заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған ХҚКО тізімі:
1. №1 ХҚО бөлімі, Өскемен қ., Сәтпаев к-сі, 34/2;
2. №2 ХҚО бөлімі, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 99/1;
3. №3 ХҚО бөлімі, Өскемен қ., Белинский к-сі, 37а;
4. Мамандандырылған ХҚО секторы, Өскемен қ., Абай к-сі, 203/3;
5. Аякөз аудандық ХҚО,Дүйсенов к-сі, 102/1;
6. Риддер қалалық ХҚО, Семипалатинская к-сі,12;
7. Глубокий аудандық ХҚО, Попович к-сі, 22;
8. Жарма аудандық ХҚО, с.Калбатау, Достык к-сі, 98;
9. Зайсан аудандық ХҚО, Зайсан қ.,Сәтпаев к-сі, 27в;
10. Алтай аудандық ХҚО, Алтай қ.,Стахановская 39;
11. Көкпекті аудандық ХҚО, с.Көкпекті, Аблайхан к-сі, 19;
12. Күршім аудандық ХҚО, с.Күршім,Б.Момышұлы 77;
13. Катон-Қарағай аудандық ХҚО, Катон-Қарағай, Жанпеисова19;
14. Тарбағатай аудандыұ ХҚО, с.Акусат, Кабекова 19;
15. Ұлан аудандық ХҚО, .Қ.Қайсенов к-ті, З.Ахметова 5/1;
16. Үржар аудандық ХҚО, с.Уржар, Аблайхан к-сі, 49Б;
17. Шемонайха аудандық ХҚО, с.Шемонайха, 3 ш-аудан, 12;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
Заруетқызы Мөлдір 87015804921