Қасиетті рамазан айында Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық орталық мешіті» ауқымды қайырымдылық шарасын жасады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүректерге жылу сыйлайтын қайырымдылық шарасы тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға арналды.
Мұнда «Зекет» қорының атынан аудан бойынша барлығы 200 тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Сонымен қатар қордың атынан 300 жамағатқа ауызашар берілді.
- Қасиетті Рамазан айында түрлі қайырымдылық шарасын көбірек ұйымдастыру біздің басты міндетіміз. Қайырымдылық шаралары арқылы көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшін беруді мақсат етеміз. Бұл аз болса да біздің шынайы ниетімізден беріліп отырған қасиетті Рамазан айындағы көмегіміз, - деп атап өтті, «Зайсан аудандық мешітінің» бас имамы Тимур қажы Қайдарұлы.