Шығармашылық ұжым осы жылы V маусымға қадам басты. Патша көңіл көрерменге Михаил Задорновтың «Соңғы әрекет» пьесасы негізіндегі «VABANK» комедиясы ұсынылды.
Қойылымда теңізге демалуға келген отбасылы жігіт ағасы жас арумен танысып араларында махаббат сезімі оянады. Мөлдір сезімнен басы айналған 20 жастағы бойжеткен, оның әйеліне келіп опасыз күйеуін 20 мың долларға сатуға ұсыныс жасайды. Ерекше сценарий, актерлердің жоғары шеберлігі дүйім жұрттың көңілінен шықты десек жалған айтқандық болмас.
– Қойылым өте ұнады. Әсіресе басты рөлді сомдаған Жантай Тұрұсбеков, Аяулым Тұрұсбекова мен Айгүл Хамит өз образдарын тамаша сомдап шықты. Арасында импровизация да қосқанға ұқсайды. Театр ұжымына сәттілік тілеймін, – дейді ШҚО Жастар театрының тұрақты көрермендерінің бірі Бақтияр Мұхамедов.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ