ШҚО жастары адам терісін жасартатын жақпа ойлап тапты

511
көрілім

С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері адам терісін жасартатын жақпа ойлап тапты.  

 - Университет студенттері шығарған құрт қосылған жақпа теріні жақсартып қана қоймай, оны жасартады. “Қартаймаудың сырын” тапқандар - “Орман ресурстары және орман шаруашылығы” және “Биология” мамандығының 2 курс студенттері Оразалы Сабитов пен Дарья Жукова,  - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Бұл Қазақстандағы осындай алғашқы жоба. Алдыңғы уақытта жастар профилактикалық және емдік жақпа майлар шығаруды жоспарлап отыр.

Анель Абзалбекова