ШҚО жолдарында құтқару жұмыстары жалғасуда

256
көрілім

«Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық тасжолында бірнеше автокөлік бұрқасын мен қар құрсауына тап болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен қаласынан келген саяхатшыларға көмек көрсету үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жол талғамайтын көлікпен жетіп, 10 адамды Шемонаиха қаласына жеткізді. Оның ішінде, 4 әйел Моңғолияның азаматтығымен жүрген.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірде дауылды ескерту жалғасып жатқанын еске салады. Құтқарушылар ұзақ сапарға шықпауға кеңес береді.Өз өміріңізді қатерге тікпеңіздер.


Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.