ШҚО жолдарында тіркемелері бар көліктерге шектеу алынды

464
көрілім

Сәуір айының 8-нен бастап автомобиль жолдарында тіркемелері бар көліктердің қозғалысын шектеу белгілері алынбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, «Өскемен - Алтай - Рахман қайнары», «Өскемен - Тарғын -Самар» автомобиль жолдары бойынша тіркемелері мен жартылай тіркемелері бар көлік құралдарының қозғалысы үшін шектеу алынып тасталмақ.

– «Осины» және «Өмеш» асулары бойынша көрсетілген көлік құралдарының жүруіне тыйым салатын жол белгілері демонтаждалатын болады, – делінген мәліметте.