ШҚО жыныстық аурулар бойынша көш бастап тұр

202
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Мамандардың айтуларынша, жыныстық аурулар жылдан жылға өсіп келеді. Бұған қоса, жатыр мойыны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусын алдын алу қажеттілігі сияқты мәселелер әлі өзекті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия қолдауымен өңірде репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда. Шараның негізгі мақсаты -  салауатты өмір салтын насихаттау, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияны болдырмау. Мұнымен қатар, жатыр мойыны қатерлі ісігін тудыратын адам папилома вирусының алдын алу қажеттілігі сияқты мәселелерді қарастыру күн тәрбіне қойылды.
Статистикаға сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойыны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Оның ішінде, 600-ден астам әйел осы потологиядан көз жұмады. Бөлім меңгерушісі, дәрігер, акушер-гинеколог Лиза Қасымханованың сөзінше, бүгінде адам папиллома вирусын емдеу жолы жоқ, ал вакцинация соны алдын алудың бірден-бір әдісі.
- Аталған вакцинаны қыз балаларға он бір жастан бастап қолдануға болады. Бұл жұмыстар алты ай аралықпен жылына екі реттен жүргізіліп отырады. Көбінесе мынандай жолдармен жұғады: тұрмыстық жанасу, жыныстық, тікелей жолмен туу кезінде және  өзіне-өзі жұқтыру жолдары арқылы. Бұл вакцинаны елімізден бөлек, дүниежүзінің 135 мемлекетінде қолданады, - деді акушер гинеколог.
Мамандар мәліметінше, жыныстық жолмен берілетін аурлардың көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан көш бастап тұр. Өткен жылғы ақпараттарға сүйенсек, облыста 100 мың адамға шаққанда жыл көлемі бойынша 125 адам вирус жұқтырған. Мұның өзі тек тіркелген жағдайларға байланысты анықталған көрінеді.
Тері аурулары және венерологиялық орталық меңгерушісі Айнаш Жанболат цифилис вирусын қаупі жоғары аурулардың қатарына жатқызды.
- Өңіріміз көш бастап тұрған соң аурудың өсу қарқыны жоғары деңгейде. Оның ішінде, цефилис вирусы да бар. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, былтыр осы инфекция жұқтырудың елу төрт жағдайы тіркелсе, биыл не бәрі үш айдың көлемінде жиырма алты жағдай тіркеліп отыр, - деді орталық меңгерушісі.