Жаңартылған құжатты облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметінің өкілдері әженің туған күні қарсаңында әкеліп табыстаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған департаменттің баспасөз қызметіндегілер 100 жасқа толған Елизавета Прядконың зейнетке шыққанға дейін жедел медициналық жәрдем станциясында санитар болып жұмыс істегенін айтты.
- Біз Елизавета Егоровнаға жеке куәлігін жаңарту бойынша өз көмегімізді көрсеткенімізге қуаныштымыз, өйткені мұндай жағдайлар күн сайын кездесе бермейді. Әжеміздің жасын берсін!, - дейді инспектор Шырайлым Ерікова.
Шығыс Қазақстан полициясының тарихында дәл осындай 40-қа жуық жағдай тіркелді. Тәртіп сақшылары 100 жасқа толғандарға құжаттарын жаңартып, үйіне жеткізіп берген.