ШҚО-да 17-19 қаңтар аралығында түлектерге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
ШҚО бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу екі жерде өтті. Бірі Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде.
- Үш күн аралығында өткен ҰБТ-да 65 қатысушыдан тыйым салынған заттар, ұялы телефон, смарт сағат, шпаргалкалар табылғандықтан емтиханға кіру құқығынан айырылды. Аталған заттарды тестілеу барысында қолданғаны үшін 42 қатысушы аудиториядан шығарылды, - дейді ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілдері.
Осы уақытқа дейін ҰБТ-ны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері қадағалайтыны хабарланған болатын.