Бүгінгі таңда өңіріміздің 10 ауылдық округіндегі ветеринарлық пункттердің қыс маусымына деген дайындықтары көңіл көншітпейді. Бұл жөнінде қараша айының 15 күні өткен облыс әкімдігінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Қазіргі уақытта бірқатар ветеринарлық пункттердегі мал дәрігерлерінің қыс қамы қамдалмаған, — дейді облыстық Ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Шынтеміров. — Атап айтсақ, Көкпекті ауданында – 5, Бородулиха ауданында – 2, Глубокое ауданында – 2, Ұлан ауданында – 1 ауылдық округтерден мал дәрігерлік пункттеріне көмір жеткізілмеген.
Мұндай әрекеттерімен ауылдық округ әкімдерінің «Ветеринария туралы» заңын қайшы келіп, ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етпей отырғаны айтылды.
– Осыған орай, ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді қыс маусымына қажетті материалдармен қамтамасыз етуді жергілікті бюджеттен қаржы бөлу арқылы шешу қажет, – деп қорытындылады Асқар Мұратқанұлы.