Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғаның айтуынша, ел көлемінде тамыры тереңге жайыла түскен «індеттің» жолын кесу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізу бір сәтке де толастамаған. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер бизнесін қолдап, мемлекеттік органдардың араласпауы үшін бөлінген 334,1 млрд теңге қаржыға 46 инвест-жоба қолға алынған.
– Бұл ретте «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесе нақты қадамдар жасалды. Осы уақытқа дейін Департамент өкілдері 100 қылмысты анықтады, оның ішінде 85-і жемқорлық бағытында, – деді Жігер Еркінбекұлы. - Жалпы тіркелген жайттардың көпшілігі ұрлау және парақорлықпен байланысты. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 68 факті енгізілді.