ШҚО-да 10 күн ішінде 30-дан астам мал ұрлау қылмысы ашылған

300
көрілім
Шартты фотосурет

Облыс аумағында «Мал ұрлығы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мал ұрлығына қатысты бірқатар құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, 10 күн ішінде 33 қылмыс ашылған.

- 103 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды, оның ішінде жылқы – 51, ірі қара – 38 және 14 ұсақ мал. 2115 бас иесіз мал «Айыппұл тұрағына» қамалды, - делінген мәліметте.

Мал жаю ережелерін бұзғаны 588 адам (ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Полиция департаменті халыққа жеке қосалқы шаруашылықтардағы малдың сақталуына бақылауды күшейтуді ескертеді, азаматтарды мүлкіне сақтықпен қарауға, жайылымдарда малды қараусыз қалдырмауға шақырады. Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» жедел арнасына хабарласуыңыз керек, - дейді баспасөз қызметіндегілер.