ШҚО-да 10 мыңнан аса тұрғын зейнетақыға бір реттік өтінішпен шықты

349
көрілім

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО филиалы мамандарының айтуынша, ХҚКО-ның қызметкерлері 10 мыңнан аса тұрғынға бір ғана өтініш жазу арқылы зейнетке шығуды рәсімдеген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, бір жыл бұрын зейнет жасына келген қазақстандықтар үшін құжаттарды рәсімдеу жолы жеңілдеген еді. Зейнеткерлікке қатысты барлық мемлекеттік қызмет түрі «бір ғана өтініш» ережесімен іске асады.

Облыстық филиалдың директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, өтініш білдірген тұрғындарға үш төлем түріне байланысты қызметтер бір реттік өтініш пен аз ғана құжаттарды қабылдау арқылы жүзеге асты. Бұрын зейнетке шығушы адам ХҚКО-ға келіп, екі түрлі өтініш жазатын еді. Бір айдан соң мемлекеттік кепілді төлемге өтінішін тапсырып, БЖЗҚ-ға зейнетақыға өтініш жазатын. Енді ХҚКО-ға келіп, төрт түрлі қызмет түріне бір ғана өтініш жазасыз.

Бұдан бөлек, тамыз айынан бастап зейнет жасына 10 күн қалған адамға ұялы телефон арқылы арнайы хабарлама келетін пилоттық жоба іске қосылған. Онымен ХҚКО-ға бармай-ақ рәсімдеуге болады. Бірақ бұл жоба әзірге тек мемлекеттік корпорация қызметкерлері үшін орындалады.