Облыстың бірқатар су қоймаларында 10 желтоқсанға дейін рипус, пелядь және тағы да басқа сиг балықтарының түрлерін аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды газет тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтсақ, Зайсан көлінде, Бұқтырма және Өскемен су қоймаларында, сондай-ақ, Ертісте – Өскемен ГЭС-тан Шүлбі суқоймасына дейін, Шүлбі ГЭС-тан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін сиг тұқымдас балықтарды аулауға болмайды.
Бұл туралы ШҚО Табиғат ресурстары және табиғатты қорғау басқармасы хабарлап отыр. Ережеге бағынбағандар жауапқа тартылуы мүмкін.
shkoda_10_zheltoksanha_deyin_sig_tukymdas_ba
59