Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ШҚО бойынша департаментінің бірінші орынбасары Жігер Байділдин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғаның айтуынша, осы уақытқа дейін 111 қылмыс анықталған, оның 98-і жемқорлық фактісімен байланысты. Солардың ішінде ұрлық (33 қылмыс) пен пара алу (65) жиі тіркелген. 77-сі ауыр және аса ауыр қылмыс түріне жатқызылды.
- Жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 84 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осы тақылеттес қылмыстардың алдын алу үшін тұрғындарды жемқорлық әрекеттерін байқаған бойда бірден Call-орталыққа (1424 нөмірі) хабарласуға шақырамыз, - деді Жігер Еркінбекұлы.
Сыбайлас жемқорлық фактісі жайлы хабарлағандарға белгілі бір мөлшерде сыйақылар тағайындалған. Айта кетерлік жайт, Call-орталықтан бөлек, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекші бөліміне қоңырау шалуға болады. Байланыс телефоны: 8 (7232) 29-88-88.