ШҚО-да 11 мыңнан астам жалған рұқсат қағазы берілген

377
көрілім
Фотосурет zakon.kz сайтынан

ШҚО-да 11 мың данадан астам жалған рұқсат қағазы берілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

– Өскемен мен Семей қалаларындағы кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында заңсыз жолмен автокөлікке арналған жалған рұқсат қағаздарын алып, пайдаланып жүргендер анықталды. Олардың жалпы саны 11000 данадан асады. Осы орайда ШҚО Полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта 867 рұқсаттама тәркіленген, – деді ол.

Облыс әкімі өз сөзінде Төтенше жағдай кезіндегі тәртіпті қатаң сақтап жүрген екі қала халқына алғыс білдірді.

– Жүргізген талдау нәтижелеріне сүйенсек, тұрғындардың 92%-дан астамы дүкендерге, дәріханаларға және банктерге өздерінің рұқсаттамаларына сай, тек жұп және тақ күндері барып жүр. Біз оқшаулану, тәртіпке бағыну арқылы ғана мыңдаған адамның өмірін құтқара аламыз. Сондықтан, өзіңізді және өз болашағыңызды сақтаңыз!, – деді Даниал Ахметов.