27 маусым күні «Ақтоғай – Аягөз» теміржолында 12 вагон рельстен шыққан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Абырой болғанда, қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. «Ақтоғай – Аягөз» станцияларының поездарын апаттан кейін жөндеуге кірісіп кеткен.
Шығыс Қазақстандағы теміржол оқиғасына байланысты алты жолаушылар поезы бағыты тоқтап тұр. Олар: № 301 Новосібір – Алматы, № 351 Өскемен – Алматы, №311 Семей – Нұр-Сұлтан, №459 Өскемен – Достық, №32 Алматы – Павлодар, №22 Қызылорда – Семей бағыттары.
Арнайы комиссия құрылып, оқиға себебі анықталуда.