ШҚО-да 1300-ден астам адам есірткіге тәуелділік бойынша есепте тұр

190
көрілім

Мұны облыс әкімі аппаратының басшы Ербол Нұрғалиев Полиция департаменті басшылығының мәліметіне сүйене отырып айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімдігінде белсенді жастардың қатысуымен жиналыс ұйымдастырылды. Қоғамда бас қатырар тақырыпқа айналған жайттар сонда тағы бір көтерілді. Ербол Жолдасбекұлының ақпаратынша, лудомания, синтетикалық есірткі тарату мен оны қолдану өңірде жиілеп тұр.

- Полиция департаменті басшылығының дерегінше, аймақта 1361 адам есірткіге тәуелділік бойынша есепте тұр. Олардың саны азаймаған. Ал есірткі қойып кету “схемасы” тым күрделі. Сол үшін жастар ресурстық орталықтарының басшылары да өз бастамаларын ұсынулары тиіс, - деді ол.